Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері туралы (2012.27.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын кеңейту және Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (бұдан әрі - ДСҰ) мүшелілігінің экономикалық салдарына талдау жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын. ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 535 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Мыналар қоғам қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін: 1) осы ұйымға кіру процесінің шеңберінде қабылданатын міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруінің экономикалық салдарына талдау жүргізу; 2) ДСҰ-ның негізгі келісімдерінің ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саласындағы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу; 3) халықаралық сауда келіссөздеріне ұстанымдар мен халықаралық экономикалық келісімдердің жобаларын әзірлеу кезінде консультациялық қолдау көрсету және сыртқы нарықтарға қол жеткізуге және халықаралық сауда дауларын шешуге байланысты проблемаларды қарау; 4) Еуразия экономикалық қоғамдастығы, Біртұтас экономикалық кеңестік, ДСҰ және басқалары сияқты өңірлік бірлестіктердің шеңберінде жалпы сауда режимін құру мен көршілес елдермен және өңірлік бірлестіктер шеңберінде еркін сауда аймақтарын құру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу; 5) халықаралық сауданың қазіргі заманғы жүйесі және оны реттеу қағидаттары, сауда саясатының шаралары туралы ақпарат пен ілімдерді тарату, жеке ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің негізгі персоналының кәсіби деңгейін арттыру; 6) сауда саласында зерттеулер жүргізу. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкіметінің резервінен 51500000 (елу бір миллион бес жүз мың) теңге бөлсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне берсін; Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп: 1) қоғамның жарғысын бекітуді және Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Астана қ.« деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-76-жолмен толықтырылсын: «21-76. «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ»; 2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 237-20-жолмен толықтырылсын: «237-20 «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ»; 3) «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Акционерлік қоғамдар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын: «10. «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы, Астана қаласы.». 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
|