Ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті органды (ұйымды) айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 793 Қаулысымен күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. Аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті органдар ретінде айқындалсын. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ережесінде: 13-тармақтың 95) тармақшасы алынып тасталсын; 2) «Тауар шығарылған елдi анықтау, тауардың шығу тегi туралы сараптама актiсiн жасау және беру әрi тауардың шығу тегi туралы сертификатты ресiмдеу, куәландыру және беру жөнiндегi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 44, 423-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Тауар шығарылған елдi анықтау, тауардың шығу тегi туралы сараптама актiсiн жасау және беру әрi тауардың шығу тегi туралы сертификатты ресiмдеу, куәландыру және беру жөнiндегi ережеде: 2-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын; он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|