Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына 3-қосымша
Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидалары (2024.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.20.04. № 310 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2023.20.07. № 591 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 8 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Осы Емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Жол жүрісі туралы заң) 73-бабының 1-тармағымен белгіленген әртүрлі санаттағы және оларға кіретін кіші санаттағы көлік құралдарын басқару құқығына емтихандарды қабылдау, Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға жүргізуші куәліктерін беру тәртібін айқындайды. ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2023.20.07. № 591 бұйрығымен 2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 8 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) 2. Емтихандарды қабылдау рәсімдерін ұйымдастырушылық-технологиялық сүйемелдеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады. 3. Ұлттық жүргізуші куәлігі он жыл мерзімге беріледі, ол өткеннен кейін жүргізуші куәлігі жарамсыз деп танылады. 4. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының тек қана бір ұлттық жүргізуші куәлігін алуға рұқсат етіледі. 5. ҚР Ішкі істер министрінің 2016.12.04. № 383 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.20.04. № 310 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 459 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда 2-тарау. Емтихандар қабылдау
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|