«Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 171 және 172-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3505 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2005 жылғы 4 қарашада № 204-205 (938-939) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, Көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары: 1) сынақтар қабылдай отырып, әкімшілік полиция, криминалдық полиция, ақпараттық-аналитикалық орталықтар бөлімшелері жеке құрамының осы Ережені әскери және қызметтік даярлық жүйесінде зерделеуін; ішкі істер органдарының әкімшілік полиция, криминалдық полиция және ақпараттық-аналитикалық орталықтар бөлімшелерінің арасында әр тоқсан сайын әкімшілік қадағалау орнатылған адамдардың есебін салыстыра тексеруді, сондай-ақ жедел кеңестерде қарай отырып, рецидивтік қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жұмыстың жай-күйі мен нәтижелерін талдауды ұйымдастырсын; 2) әкімшілік қадағалауда тұратын және соттылық белгілері бойынша «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) қолданысына түсетін адамдардың тарапынан қадағалау ережелері мен белгіленген шектеулерді бұзуды анықтау мақсатында қоғамдық тәртіпті қорғауға түсетін патрульдік жасақшаларының олардың тізімімен; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|