|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., №10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2011 ж., № 3, 30-құжат; 2013 ж., №17, 84-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; 2015 ж., № 14, 75-құжат; № 22-III, 150-құжат): 133-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мыналардың: 1) 59-бапта: 2-тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктері тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда кірістері мен мүлкi туралы декларациялар ұсынады. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде тексереді. Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкi туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктердің; 5-тармақтың 4-2) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «4-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның; 6-тармақтың 3-2) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «3-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) кірістері мен мүлкi туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның; 7-тармақтың 3-1) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «3-1) декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәлiметтердің анық еместiгi анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің; 2) 73-бапта: 2-тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктері тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда кірістері мен мүлкi туралы декларациялар ұсынады. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде тексереді. Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкi туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктердің; 4-тармақтың 4-2) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «4-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның; 5-тармақтың 3-2) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «3-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) кірістері мен мүлкi туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның; 6-тармақтың 3-1) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «3-1) декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәлiметтердің анық еместiгi анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің; 3) 89-бапта: 2-тармақ тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «2. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда кірістері мен мүлкi туралы декларациялар ұсынады. Саяси партия ұсынған кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары партиялық тізім тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексереді. Бұл ретте саяси партия ұсынған кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкi туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішінде ұсынуға міндетті. Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап үш күн ішінде тексереді. Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкi туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап екі күн ішінде ұсынуға міндетті.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақтың; 3-тармақтың 4) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның; 5-тармақтың 4) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «4) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның; 6-тармақтың 5) тармақшасы бірінші бөлігінің алтыншы абзацы және 6) тармақшасы бірінші бөлігінің жетінші абзацы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, партиялық тізімге енгізілген адам мен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің анық еместігі анықталған;»; «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің анық еместігі анықталған жағдайда;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы абзацтардың; 4) 104-бапта: 1-1-тармақ тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «1-1. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда кірістері мен мүлкі туралы декларациялар ұсынады. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi. Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақтың; 2-тармақтың 5) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның; 3-тармақтың 4) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның; 6-тармақтың 3-1) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «3-1) декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәлiметтердiң анық еместiгі анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің; 5) 118-бапта: 1-1-тармақ тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «1-1. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда кірістері мен мүлкі туралы декларациялар ұсынады. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексередi. Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақтың; 2-тармақтың 5) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы болған жағдайда жүргізіледі.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның; 3-тармақтың 4) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы болған жағдайда жүзеге асырылады.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның; 6-тармақтың 3-1) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «3-1) декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің анық еместiгi анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің қолданысы тоқтатыла тұрсын.». 2. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат; 2010 ж., № 24, 147-құжат; 2012 ж., № 5, 38-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; № 21, 119-құжат; 2015 ж., № 14, 75, 76-құжаттар; № 24, 174-құжат): 1) 31-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайтылған кезде осы соттың судьялары, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда басқа сотқа ауыстырылған кезде судья өздерінің келiсуiмен тең дәрежелi немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылуы мүмкiн.»; 2) 34-баптың тақырыбы, 1-тармағының 9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «34-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны қызметінен босату және олардың өкiлеттiктерiн тоқтату»; «9) соттың таратылуы немесе соттың қайта ұйымдастырылуы, тиісті сот судьялары санының азайтылуы, егер судья басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда судьяның басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартуы; 10) соттың таратылуы немесе соттың қайта ұйымдастырылуы, тиісті сот судьялары санының азайтылуы, өкiлеттiк мерзiмiнің аяқталуы, егер соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келiсiм бермесе, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда сот төрағасының, сот алқасы төрағасының басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартуы;»; 3) 35-баптың 2-2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2-2. Оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға байланысты лауазымды қоспағанда, отставкадағы судья Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаражатынан ақы төленетін лауазымға орналасқан жағдайда, оған өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу тоқтатыла тұрады.»; 4) 44-бапта: 1-тармақта: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстыру туралы;»; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Сот жюриінің біліктілік комиссиясының осы баптың 1-тармағының 2) - 3) тармақшаларында көзделген шешімдері ұсынымдық сипатта болады.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сот жюриінің біліктілік комиссиясының кәсіби қызметті мерзімді бағалаудың нәтижелері бойынша судьяны кәсіби жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану туралы шешімі Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесіне судьяны атқаратын қызметінен босату туралы ұсыным енгізуі үшін негіз болып табылады. Сот жюриінің біліктілік комиссиясының кәсіби қызметті мерзімді бағалаудың нәтижелері бойынша судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы шешімі Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесіне - судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы ұсыным, ал ауысудан бас тартқан жағдайда судьяны атқаратын қызметінен босату туралы ұсыным енгізуі үшін негіз болып табылады.»; 5) 57-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Халықаралық кеңестің қызметін ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.». 3. «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 24, 175-құжат): 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын: «8) Сәйкестендіру нөмірлері орталығының тізілімі - Орталықтың құрылған және қызметін тоқтатқан органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға, берілген сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді қалыптастыруға және сақтауға арналған ақпараттық жүйе; 9) сәйкестендіру нөмірі - Орталықтың органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары үшін қалыптастырылатын, Сәйкестендіру нөмірлері орталығының тізілімінде оларға қатысты мәліметтер туралы жазбалар жасауға мүмкіндік беретін бірегей нөмір.»; 2) 3-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Заңды тұлғаларға қойылатын талаптар және оларды Орталықтың қатысушылары ретінде аккредиттеу тәртібі, олардың Орталықтың аумағында жүзеге асыруға жол берілетін қызметінің түрлері, лицензиялау тәртібі және Орталықтың қатысушыларына қойылатын талаптар, сондай-ақ Орталықтың аумағында заңды тұлғаларды құру және тіркеу тәртібі, олардың ұйымдық-құқықтық нысандары Орталықтың актілерінде айқындалады.»; мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын: «1-1. Орталықтың органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары үшін қалыптастырылатын сәйкестендіру нөмірлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын сәйкестендіру нөмірлерімен тең танылады және қолданылады. 1-2. Сәйкестендіру нөмірлері орталығының тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану тәртібін, Орталықтың органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары үшін сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру тәртібін Орталықты Басқарушы айқындайды.»; 3) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «Орталықтың актілерін әзірлеу, уәкілетті органдармен келісу, тіркеу, қолданысқа енгізу, жариялау, өзгерістер, толықтырулар енгізу, сондай-ақ олардың қолданылуын тоқтату тәртібі Орталықтың актілерінде айқындалады.»; 4) 5-баптың 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «3. Орталықтың аумағында қаржылық және кәсіби қызметтерді көрсетуге байланысты валюталық операцияларды жүргізу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша Орталықтың актілерінде белгіленеді.»; «5. Орталықтың актілерінде Орталықтың қатысушыларына жүргізілетін операциялар туралы мәліметтер ұсыну бойынша қойылатын талаптар, сондай-ақ Орталықтың органдары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгіленеді.»; 5) 6-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Орталықтың органдары мен олардың ұйымдары Орталықтың актілерінде айқындалған шарттарды сақтаған кезде корпоративтік табыс салығын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады.»; 3-тармақтың 5) тармақшасындағы «Орталықты басқару жөніндегі кеңестің қаулысында» деген сөздер «Орталықтың актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтағы «Орталықты басқару жөніндегі кеңестің» деген сөздер «Орталықтың» деген сөзбен ауыстырылсын; 6) 11-бапта: 1-тармақ «Орталық органдарының» деген сөздерден кейін «, олардың ұйымдарының» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Орталық әкімшілігінің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нысаналы аударым түрінде республикалық бюджет қаражатынан, сондай-ақ Орталықтың қатысушылары енгізетін алымдар мен төлемдерден қалыптастырылатын өз бюджеті болады.»; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес бюджеттен Орталықтың әкімшілігі алған нысаналы аударым ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, Орталықтың органдары мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру мақсаттары үшін пайдаланылады.»; 7) 12-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Комитеттің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нысаналы аударым түрінде республикалық бюджет қаражатынан, сондай-ақ Орталықтың қатысушылары енгізетін алымдар мен төлемдерден қалыптастырылатын өз бюджеті болады.»; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес Орталықтың әкімшілігі арқылы Комитет алған нысаналы аударым Комитеттің қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру мақсаттары үшін пайдаланылады.»; 3-тармақтың 1), 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) қаржылық қызметтер көрсетуді реттеуге және Орталықтағы олармен байланысты қызметке қатысты Орталықтың органдары актілерінің жобаларын әзірлейді, оларды жария талқылауға шығарады және қабылдау үшін Орталықтың тиісті актілерін қабылдауға жауапты органға ұсынады;»; «3) Орталық қатысушыларын тіркеуді, аккредиттеуді және лицензиялауды жүзеге асырады;»; «5) Орталық қатысушыларының қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады, оларға қатысты шаралар қабылдайды;». 2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы наурыздың 13-і. № 52-VI
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |