«Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10056 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларында: 8), 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «8) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - БАЖ) - «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 1-тармағында көзделген, сондай-ақ тіркеу әрекетінде жасалған көлік құралын міндетті тіркеу деректері бойынша көлік құралдары және олардың иелері туралы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететін, уәкілетті органның мемлекеттік ақпараттық жүйе; 9) көлік құралдарын тіркеудегі өзгерістер - көлік құралының міндетті тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;» 15) тармақша алып тасталсын; 15-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|