Осы редакция 2019 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 666 бұйрығына 4-қосымша
«Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Портының теңiз әкiмшiлiгiмен (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: 1) кемеге (салынып жатқан кемеге) құқықтарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлік (бұдан әрi - куәлік); 2) 2002 жылғы 17 қаңтарындағы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабында көзделген негіздеме бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесiндегi іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11354 болып тіркелген «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 558 бұйрығымен бекітілген «Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартының (бұдан әрі - стандарт) 9-тармағында көрсетілген өтінішті мен басқа құжаттарды (бұдан әрі - өтінішті) беру негіздеме болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|