«Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering) «ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 405 Қаулысы (2022.22.11. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі, акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша иеліктен айырылатын немесе сенімгерлік басқаруға берілетін және оларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбелерін бекіту туралы» 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1070 және «Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Сыйға тарту шарты бойынша саны 21476802 (жиырма бір миллион төрт жүз жетпіс алты мың сегіз жүз екі) дана «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі «Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering) «ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Компания) акциялардың 100 % пакетін белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне өтеусіз беру (сыйға тарту) жолымен иеліктен айыру жүзеге асырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|