ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.22.10. № 790 бұйрығыменкүші жойылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 666 бұйрығына 1-қосымша
«Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Портының теңiз әкiмшiлiгiмен (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: 1) кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлік (бұдан әрi - куәлік); 2) 2002 жылғы 17 қаңтарындағы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 212-бабында көзделген негіздеме бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесiндегi іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11354 болып тіркелген «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 558 бұйрығымен бекітілген «Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартының (бұдан әрі - стандарт) 9-тармағында көрсетілген өтінішті мен басқа құжаттарды (бұдан әрі - өтінішті) беру негіздеме болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|