Осы редакция 2018 жылғы 21 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2016.27.01.№ 82 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына 2-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2017.27.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты немесе уақытша келген орны бойынша көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттар қабылдау «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған күнінен бастап - 2 (екі) жұмыс күні ішінде; 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - паспорттық елтаңбалы мөрімен және көрсетілетін қызметті берушінің қолымен куәландырылған уақытша жеке куәлікті беру. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|