Осы редакция 2019 жылғы 6 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.22.11. № 805 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 673 бұйрығына 6-қосымша
«Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тipкeу туралы ақпарат беру» (2017.22.11. берілген өзгерістермен)
1. «Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тipкeу туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен үзінді немесе көшірме.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетінқызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген) «Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тipкey туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағына сәйкес өтінім беру болып табылады. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|