Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына 4-қосымша
Осы редакция 2021 жылғы 12 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік қызметтің көрсету ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сәйкес әзірленді және және «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. 2. Мемлекеттік қызмет әділет Министрлігімен және коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер қатынасында аумақтық әділет органдарымен және коммерциялық ұйымдар (бұдан әрі - қызмет көрсетуші) болып табылатын, заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер қатынасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетіледі 3. Заңды тұлғаның, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктердің, оның ішінде саяси партиялардың қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеуді, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуден шығаруды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жүргізеді. 4. Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығаруды», жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, заңды тұлғалардың қорлары мен бірлестіктерін, қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді аумақтық әділет органдары жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|