Осы редакция 2016 жылғы 25 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 671 бұйрығына 5-қосымша
«1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - автокөлік құралымен 1, 6 және 7 сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсат (бұдан әрі - арнайы рұқсат), немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін
4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестрінде № 11476 тіркелген) «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген өтініш беру мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы: 1) автоматты түрде электрондық өтінімді ақпараттық жүйеге тіркеу; 2) 6 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың бекітілген талаптарына сәйкестігін қарау; 3) 1 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|