|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 - 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы (2019.13.04. берілген өзгерістермен)
ҚР 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 274-VІ Заңымен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
2019.13.04. № 245-VI ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін: 2019 жыл - 2 700 000 000 мың теңге; 2020 жыл - 2 300 000 000 мың теңге; 2021 жыл - 2 000 000 000 мың теңге. 2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі 1. Осы Заң 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018 - 2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 20, 95-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы қарашаның 30-ы. № 196-VІ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |