«Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 772 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 24-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесінде: 3, 4, 5, 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Білім беру грантын беру жөніндегі конкурсты білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын республикалық конкурстық комиссия және тиісті облыстың және республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімінің шешімімен құрылатын жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы өткізеді. 4. Республикалық конкурстық комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, азаматтық қоғам институттарының, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері, жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) басшылары санынан қалыптастырылады. Республикалық конкурстық комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс. Республикалық конкурстық комиссияның отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі және 1-10 тамыз кезеңінде өткізіледі. Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалдарының, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, аталған аумақта орналасқан ЖОО басшылары санынан қалыптастырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|