«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11174 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында: 4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей. Құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін - 2 (екі) жұмыс күніне дейін; облыс орталықтары үшін - 4 (төрт) жұмыс күніне дейін (қабылдау күні мемлекеттiк қызмет мерзiмiне кiрмейдi);». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|