Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері
Осы редакция 2017 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының бекітілген штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мынадай мемлекеттік мекемелері құрылсын: «2026 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы; «2039 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы; «2040 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы; «2087 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысының Бейнеу кенті; «2456 «б» әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) көрсетілген мемлекеттік мекемелердің құрылтай құжаттарын бекітсін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 751 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде: «9824 әскери бөлімі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «2026 әскери бөлімі. 2039 әскери бөлімі. 2040 әскери бөлімі. 2087 әскери бөлімі. 2456 «б» әскери бөлімі». 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
|