ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 36-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізудің ережелерінде: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Мемлекеттiң акциялары, жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесi 50 проценттен асатын ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі»; 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы (бұдан әрі - ұйымдастырушылар) болып табылады. 5. Үміткерлер материалдарды осы ережелерге сәйкес ресімдейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарына қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.»; 8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) жыл сайын 1 қазанға дейін - жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана комиссияларының алдын ала жасаған қорытындыларын, конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін бір данада Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігіне жіберуі;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|