ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 523 Қаулысымен қағидамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 Қаулысымен 2020 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу қағидалары (2018.25.08. берілген толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізудің қағидалары (бұдан әрі - Инфрақұрылымды жеткізу қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді әрі шағын және орта кәсіпкерлік және индустриялық аймақтардың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шарты мен тетігін айқындайды. 2. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды шағын және орта кәсіпкерлік пен индустриялық аймақтардың жобаларына жеткізу «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады. 3. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту - жаңа өндіріс құруға, жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жекелеген жобалар үшін дербес (оның ішінде бірнеше жобаларды қамтамасыз ету үшін), сол сияқты индустриялық аймақтар құру шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің жетіспейтін инфрақұрылымын жеткізу болып табылады. 4. Шағын және орта кәсiпкерлік және индустриялық аймақтар жобаларының инфрақұрылымын дамытуға қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 5. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге көзделген қаражат белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаның жеке қаржыландыру жоспарының негізінде төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттермен беріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|