Осы редакция 2016 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 cәуірдегі № 294 бұйрығына 3-қосымша
«Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішті қабылдау: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі - Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері; 2) www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал)арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 45 (қырық бес) жұмыс күні; Субъектінің атауы, ұйымдастыру-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда куәлікті қайта ресімдеу - 5 (бес) жұмыс күні; Қағаз нысанда берілген аккредиттеу туралы куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда куәліктің телнұсқасын беру - 2 жұмыс күні. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді. 2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|