Осы редакция 2016 жылғы 26 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына 1-қосымша
Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарын тiркеудің және есепке алудың бiрыңғай тәртiбін белгілейді. 2. Қағидалар халықаралық қозғалысқа қатысатын, басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген және Қазақстан Республикасына бір жылдан аспайтын мерзімге әкелінген көлік құралдарына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлері мен әскери құрылымдарының механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне қолданылмайды. ҚР Ішкі істер министрінің 2015.07.12. № 999 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйым - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдармен және/немесе олардың өкілдіктерімен, консулдық мекемелермен және Қазақстан Республикасында аккредиттелген олардың қызметкерлерімен жұмыс жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы; 2) жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (бұдан әрі - МТНБ) - жеке және заңды тұлғалар көлік құралдарының 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 777, 800, 888, 900, 999 цифрлық белгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|