Осы редакция 2016 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына 3-қосымша
«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (2015.25.12. берілген өзгерістермен)
1. «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі - Стандарт) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі - жәрдемақы) тағайындау рәсімін айқындайды. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015.25.12. № 1024 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) арқылы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|