|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 - 2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы
ҚР 2017 жылғы 30 қарашадағы № 111-VІ Заңымен 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін: 2017 жыл - 2 880 000 000 мың теңге; 2018 жыл - 2 880 000 000 мың теңге; 2019 жыл - 2 880 000 000 мың теңге. 2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі 1. Осы Заң 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016 - 2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-VII, 164-құжат; 2016 ж., № 5, 33-құжат; № 16-17, 104-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы қарашаның 29-ы. № 23-VI
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |