Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы (2015.31.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) - 3) ҚР Үкіметінің 2015.01.10. № 808 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4) «Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін құрылыс объектілері үшін ұзақ мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 5) «Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 6) «Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстар салынатын жерлерді айқындау жөніндегі ұсыныстарды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 7) «Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға енгізуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 8) «Пайдалы қазбаларды, су өсімдіктерін өндіру, кәбілдерді, құбырларды және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу үшін құрылыс, түбін тереңдету, жарылыс жұмыстарын, сондай-ақ су объектілері, су қорғау белдеулері мен аймақтарда бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргізу туралы құжаттарды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|