Осы редакция 2018 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2016.25.02. № 98 бұйрығымен регламент жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығына 4-қосымша
«Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (сызбасын) қоса (2017.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік қызмет стандарты (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 тіркелген) (одан әрі - Стандарт) негізінде аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде (Стандарттың 5-тармағы). 3. Тіркеу органы куәландырған жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру (Стандарттың 6-тармағы) көрсетілетін қызметтің аяқталу нәтижесі болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі (қызметкерлерінің) әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
4. Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес, құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауырпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу (бұдан әрі - сұрау салу) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімдерінің (әрекеттерінің) басталуы үшін негіз болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|