Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы (2016.20.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Жоғарғы Сотының 2016.20.05. № 3 нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «АІЖК», «қадағалау», «тиісті қадағалау», «шағым берілген сот актілерін қайта қарау жөнінде қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы», «сот қадағалауы тәртібімен» деген сөздер тиісінше «АПК», «кассациялық», «өтінішті іспен бірге кассациялық сатының сот отырысының қарауына беру туралы», «кассациялық тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2016.20.05. № 3 нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі — АПК) кейбір нормаларының өзгеруіне және оларды сот практикасында біркелкі қолдану қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы Қаулы етеді: 1. Заңдылық принципіне және әділеттілік пен парасат өлшемдеріне жауап беретін сот актісін (шешімді, ұйғарымды, қаулыларды, сот бұйрығын) шығару мақсатында әрбір азаматтық істі қарау кезінде материалдық және процессуалдық құқық нормаларын мүлтіксіз сақтаудың қажеттілігіне соттардың назары аударылсын. ҚР Жоғарғы Сотының 2016.20.05. № 3 нормативтік қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. АПК-нің 148-бабына сәйкес, талапкерлер талап арыздарында тек талаптарын көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге олардың құқықтарының, бостандықтарының немесе заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылуының немесе бұзылу қаупінің мәнін, өз талаптарын негіздеген мән-жайларды жан-жақтылы баяндауға, сондай-ақ осы мән-жайлар мен талаптарды растайтын дәлелдемелерді келтіруге міндетті. Прокурордың мемлекеттің немесе қоғамның не азаматтың мүддесін көздеп қойған талаптары АПК-нің 148-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|