«Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 280 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларында: 3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) көлік құралын бастапқы тіркеу - Қазақстан Республикасының аумағында алғаш жүзеге асырылатын, көлік құралын мемлекеттік тіркеу. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу көлік құралын бастапқы тіркеу болып табылмайды;». 3-тармақ 17) тармақшамен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын: «17) МТНБ телнұсқасы - бұл белгіленген тәртіппен тіркелген көлік құралына МТНБ орнына берілетін МТНБ;». 3-тармақ 18) тармақшамен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын: «18) жеткізуші - мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындаушы ретінде әрекет ететін жеке және (немесе) заңды тұлға;»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|