Осы редакция 2018 жылғы 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығына 7-қосымша
«Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
«Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қараңыз
1. «Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап: лицензияны беру - 30 (отыз) жұмыс күні; лицензияны қайта ресiмдеу - 3 (үш) жұмыс күні; көрсетілетін қызметті алушыны бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны қайта ресiмдеу - 30 (он бес) жұмыс күні; лицензияның телнұсқаларын беру - 2 (екi) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|