Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамын өзгерту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 20 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Астана қаласының шетінде орналасқан жалпы ұзақтығы 22 км автомобиль жолдары учаскелері республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін: 1) Р-2 «Астана — Қорғалжын, Қорғалжын қорығына кіреберіспен» автомобиль жолының ұзақтығы 15 км учаскесі; 2) Р-3 «Астана - Рождественка - Энтузиаст - Киевка - Теміртау» автомобиль жолының ұзақтығы 7 км учаскесі. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жіктеу ережесі мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 54, 596-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесінде: «Р-2 Астана - Қорғалжын, Қорғалжын қорығына кіреберіспен» деген жолдағы «176» деген сандар «161» деген сандармен ауыстырылсын; «Р-3 «Астана - Рождественка - Энтузиаст - Киевка - Теміртау» деген жолдағы «257» деген сандар «250» деген сандармен ауыстырылсын; «Р-10 Астана қаласына айналма жол» деген жолдағы «36» деген сандар «52,7» деген сандармен ауыстырылсын; «Жиыны» деген жолдағы «23507,9» деген сандар «23502,6» деген сандармен ауыстырылсын. 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|