Осы редакция 2019 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 558 бұйрығына 2-қосымша
«Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттiк қызметтi Порттың теңiз әкiмшiлiгi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: 1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлікті және кемеге меншiк құқығы туралы куәлікті беру - 10 (он) жұмыс күн ішінде; 2) көрсетілетін қызметті берушіге, порталға жүгінген кезде: Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кеменi мемлекеттiк қайта тiркеу - 10 (он) жұмыс күн ішінде; теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлігінің және (немесе) кемеге меншiк құқығы туралы куәлiгiнің телнұсқасын беру, кемені Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен шығару - 2 (екі) жұмыс күн; 3) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|