Осы редакция 2016 жылғы 25 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығына 3-қосымша
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 тіркелген) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі. 2. Көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған). 3. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама мемлекеттік қызметті көрсетудің аяқталу нәтижесі болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес құқықтық кадастрден жылжымайтын мүлікке құқығын (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы ақпаратты алуға сұрау салу көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерінің (әрекеттерінің) (бұдан әрі - сұрау салу) басталуы үшін негіз болып табылады. 5. Көрсетілетін қызметті алушы сұрау салуды орталыққа береді. 1) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған жағдайда орталық жұмыскері ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін 20 (жиырма) минут ішінде береді; 2) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда орталық жұмыскері сұрау салуды көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|