Осы редакция 2016 жылғы 22 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығына 2-қосымша
«Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) Министрліктің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО); 3) www.egov.kz. «электронды үкімет» веб-порталы.; www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 7 (жеті) жұмыс күн; Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алғаннан бастап екі күн ішінде ұсынылған құжаттардың толық екендігін тексеруі тиіс. Көрсетілетін қызметті берушімен ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілген мерзім ішінде арызды әрі қарай қараудан дәлелді бас тартылады. ХҚО жүгінген кезде қабылдау күні, мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. 2) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|