«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 67-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларында және олардың мөлшерлерінде: мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын: «16-1. «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының білім алушыларына стипендия тағайындау және төлеу тәртібі «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшері: 1) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге - 20949 (жиырма мың тоғыз жүз қырық тоғыз) теңге; 2) интерндерге - 37945 (отыз жеті мың тоғыз жүз қырық бес) теңге; 3) магистранттарға - 53530 (елу үш мың бес жүз отыз) теңге; 4) «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарға - 100 000 (бір жүз мың) теңге; 5) докторанттарға - 81998 (сексен бір мың тоғыз жүз тоқсан сегіз) теңге; 6) резидентура тыңдаушыларына және денсаулық сақтау магистранттарына - 61561 (алпыс бір мың бес жүз алпыс бір) теңге мөлшерінде белгіленеді.»; 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|