Осы редакция 2017 жылғы 8 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.23.02. № 164 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 528 бұйрығына 1-қосымша
«Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» (2016.23.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу тізілімінде 2015 жылғы 3 маусымда № 11260 тіркелген) «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы; 2) «Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды және қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - «апостиль» мөртаңбасы қойылған дайын құжаттарды қағаз тасымалдағышта беру; Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясы және портал үшін 5 (бес) жұмыс күні; 2) басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорациясы үшін - 15 (он бес) жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|