Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ережеде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда және көліктегі аумақтық органдары, сондай-ақ мынадай ведомстволары бар: 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы; 2) Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті; 3) Әкімшілік полиция комитеті; 4) Төтенше жағдайлар комитеті; 5) Көші-қон қызметі комитеті.»; 16-тармақтағы орталық аппарат функцияларында: 5), 60), 61), 62) тармақшалар алып тасталсын; ведомстволардың функциялары: мынадай мазмұндағы 67-1), 67-2), 67-3), 67-4), 67-5), 67-6), 67-7), 67-8) тармақшалармен толықтырылсын: «67-1) азаматтық, халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; 67-2) халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады; 67-3) көші-қон процестерін мониторингілеу, талдау мен болжамдауды жүзеге асырады; 67-4) көші-қон процестерін реттеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|