Қазақстан Республикасының
Осы редакция 2016 жылғы 5 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін: 2016 жыл - 2 400 000 000 мың теңге; 2017 жыл - 2 400 000 000 мың теңге; 2018 жыл - 2 400 000 000 мың теңге. 2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі 1. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., №22, 132-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 30-ы. № 427-V
|