ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 67 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет Министрінің 2016.27.01. № 41 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.23.11. № 1550 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына 5-қосымша
«Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты (2019.29.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1 тарау. Жалпы ережелер
1. «Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы; 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2 тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi: көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген сәтінен бастап және порталға мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтері болған кезде - 20 (жиырма) минут ішінде. Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған кезде көрсетілетін қызметті берушімемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күніне дейін ұзартылады (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғана дейін бір күн қалғанда береді). Көрсетілетін қызметті алу үшін ең ұзақ күту уақыты - 20 минуттан аспайды; Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|