|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 - 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін: 2024 жыл - 2 000 000 000 мың теңге; 2025 жыл - 2 000 000 000 мың теңге; 2026 жыл - 2 000 000 000 мың теңге. 2-бап. Кесімді баға мөлшерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер бойынша мұнайдың 2024 - 2026 жылдарға арналған кесімді бағасының мынадай мөлшерлері белгіленсін: 2024 жыл - бір баррель үшін 43,4 АҚШ доллары; 2025 жыл - бір баррель үшін 40,2 АҚШ доллары; 2026 жыл - бір баррель үшін 41,8 АҚШ доллары. 3-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі 1. Осы Заң 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 - 2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2022 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 5 желтоқсан № 42-VIІІ ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |