Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысы (2017.06.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 16 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне (бұдан әрі - ұйымдардың қызметкерлері) еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша және (немесе) кесімді еңбекақы төлеу жүйесі болып табылады деп белгіленсін. Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесі: 1) азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша сыныптауға сәйкес әзірленетін азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі негізінде. Азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша сыныптау қызмет саласына, біліміне, біліктілік деңгейіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне және жауапкершілік деңгейіне байланысты басқарушы, негізгі, әкімшілік және қосалқы персоналдардан қалыптасады; 2) азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша лауазымдық айлықақыларын (бұдан әрі - ЛА) есептеуге арналған базалық лауазымдық айлықақыға (бұдан әрі - БЛА) қолданылатын коэффициенттер; 3) жұмысшылар ЛА (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған БЛА-ға қолданылатын коэффициенттер; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|