Қазақстан Республикасы?кіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және
Осы редакция 2022 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 1074 Жарлығының 2-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн: 1) «Кейбiр нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта: 22-тармақтың екiншi абзацында «заң жобалары» деген сөздердiң алдынан «Үкiмет Регламентiнiң 63-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,»деген сөздермен толықтырылсын; 2) «Қазақстан Республикасы Үкiметінің Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат): көрсетiлген - қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентiнде: 31-тармақтың 1) тармақшасы «Үкiмет» деген сөздiң алдынан «осы Регламенттiң 62-1 және 62-2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда,»деген сөздермен толықтырылсын; 62-баптың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Президенттiң, соның iшiнде Үкiметтiң бастамасы бойынша заң жобаларын шұғыл немесе басым деп жариялау Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 1074 Жарлығымен бекітілген Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.»; мынадай мазмұндағы 62-1, 62-2 және 62-3-тармақтармен толықтырылсын: «62-1. Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы жолдауымен басым деп белгiленген заң жобаларын (бұдан әрi басым заң жобалары) әзiрлеушi мемлекеттік органдар осы Регламентке сәйкес келісілген заң жобаларын заң жобасы басым деп белгiленген күннен бастап 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей Кеңсеге енгізуi тиiс. Бұл ретте басым заң жобаларын мемлекеттік органдармен келiсудің мерзiмдерi олардың түскен күнiнен бастап 5 күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiмен келісілгеннен кейiн Үкiмет басым заң жобаларын 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде Парламент Мәжілісiнiң қарауына енгiзедi. 62-2. Шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар осы Регламентке сәйкес келісілген заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 1074 Жарлығымен бекітілген Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесінiң 1-тармағына сәйкес Үкіметке немесе тиiстi мемлекеттік органға хабарлама келiп түскеннен кейiн 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей Кеңсеге енгізуi тиiс. Бұл ретте шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын мемлекеттік органдармен келiсудің мерзiмдерi олардың түскен күнiнен бастап 3 күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiмен келісілгеннен кейiн Үкiмет шұғыл деп жариялау жоспарланған басым заң жобасын 7 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде Парламент Мәжілісiнiң қарауына енгiзедi. 62-3. Қазақстан Республикасының Президентi шұғыл деп жариялаған заң жобасы Парламентте Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы жолдауы жария етiлгеннен немесе осы жолдау Қазақстан Республикасының Парламентіне жолданғаннан кейiн келесi күннен кешiктiрiлмей Парламент Мәжілісiнiң қарауына енгiзіледi.»; 63-тармақта «Кеңседе» деген сөзден кейiн «басым заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланған, Кеңседе өту мерзiмдерi 10 күнтiзбелiк күннен (жобаның тiркелген күнiнен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейiн) аспауға тиiс заң жобаларынан басқа,»деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 64-1-тармақпен толықтырылсын: «64-1. Заң жобаларын әзiрлеушi мемлекеттік органдар оларды Yкіметке енгізу кезiнде нақты заң жобасын қарауды басым деп белгiлеу немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялау туралы ұсынысты бiр мезгiлде енгізуге құқылы. Бұл ретте заң жобасына түсiндiрме жазба, соның iшiнде оны басым деп белгiлеу немесе шұғыл деп жариялау қажеттiлiгiнiң негiздемесiн қамтуы тиiс. Үкiмет оның әзiрлеп жатқан заң жобаларына қатысты Президентке нақты заң жобасын басым деп белгiлеу немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi. Бұл ретте ?кіметтiң ұсынысына тиiстi заң жобасы мен Парламенттiң заң жобасын қарауын басым деп белгiлеу немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялау қажеттілігінiң негiздемесi бар және заң жобасының нақты мақсаттары мен оның шешетiн мiндеттерiн ашатын түсiндiрме жазба қоса берiлуге тиiс.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
|