Республикалық маңызы бар Жарсор - Ұрқаш мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы
Осы редакция 2015 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес және ерекше қорғауды қажет ететін Қазақстанның бірегей табиғат объектілері ретінде Қостанай облысының флорасы мен фаунасының бағалы түрлерін, экологиялық жүйелерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің республикалық маңызы бар жалпы алаңы 29344,1 гектар Жарсор - Ұрқаш мемлекеттік табиғи қаумалы құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен жергілікті жерде қаумал жерлерінің шекарасын белгілесін. 3.«Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 457-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде: «Қостанай облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 68-1-жолмен толықтырылсын:
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|