Осы редакция 2016 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығына 4-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11174 болып тіркелді) бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару рәсімін айқындайды. 2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің - www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ХҚТ ТП АЖ) тұрғылықты жерi бойынша тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтерді енгізуі және көрсетілетін қызметті берушінің елтаңбалы паспорттық мөрімен және қолымен куәландырылған белгіленген үлгідегі мөртабан қоюмен қағаз түрінде мекенжайдан кету парағын беруі болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|