«Әуе кемелерін есептен шығару қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 123 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Әуе кемелерін есептен шығару қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6868 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 196 (26617) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Әуе кемелерін есептен шығару қағидаларында: 1- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1- тарау. Жалпы ережелер»; 1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Әуе кемелерін есептен шығару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленген.»; 2 - тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2- тарау. Әуе кемелерін есептен шығару тәртібі»; 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «12. Әуе кемелерін есептен шығарған кезде Есептен шығару актісі және Техникалық жай-күйді бағалау ведомосі 2 данада жасалады. Бір данасы әуе кемесінің пайдаланушысында (иесінде) қалады, екінші данасы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) жіберіледі және Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен әуе кемесін шығаратын бірден-бір құжат болып табылады. 13. Комиссия қол қойған және әуе кемесінің пайдаланушысы (иесі) бекіткен Әуе кемесін есептен шығару актісі мен Техникалық жай-күйді бағалау ведомосі Әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатының түпнұсқаларымен бірге уәкілетті ұйымға есептен шығару актісіне қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жіберіледі.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|