Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторындағы қауіпсіздіктің Осы редакция 2020 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Республиканың мұнай-газ секторындағы қауіпсіздік пен нақты және ықтимал қатерден және қол сұғушылықтардан қорғау жүйелерін дамытуға жағдай жасаудың қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Семсер" жабық акционерлік қоғамында (бұдан әрі - "Семсер" ЖАҚ) мұнай-газ кешенінің қызметкерлерін, объектілерін, қызметі мұнай-газ саласымен тікелей байланысты жеке және заңды тұлғаларды күзетуді қамтамасыз ету жөнінде арнайы құрылымдық бөлімше құру назарға алынсын. ҚР Үкіметінің 16.07.03 ж. № 700 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды 2. "Семсер" ЖАҚ-тың оқу орталығы күзет қызметі субъектілерін даярлау жөніндегі мамандандырылған оқу орталығы ретінде (келісім бойынша) белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Семсер" ЖАҚ-та қызметтік қару сатып алуға және күзет дабылдатқышын құрастыру, оңдау және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия берсін. 4. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде: 3-тармақтың бірінші абзацы "4-1 (құпия)" деген сөздерден кейін "4-2 (құпия)" деген сөздермен толықтырылсын; қосымшаға сәйкес 4-2 (құпия)-қосымшамен толықтырылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары |