Азаматты хабарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы
Азаматты хабарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау жөніндегі істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы біркелкі қолдануын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 28, 31-баптарына және Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 317-бабының екінші бөлігіне сәйкес азаматты хабарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы іс оның отбасы мүшелерінің, прокурордың, қоғамдық бірлестіктердің, қорғаншылық және қамқоршылық органы мен басқа да мүдделі тұлғалардың арызы бойынша басталуы мүмкін. Осы санаттағы істер бойынша арыз берушілер отбасы мүшелері (жұбайы (зайыбы), ата-аналары, балалары және басқа да адамдар) болып табылады. Арыз беруші-жеке тұлғалардың субъектілік құрамы отбасылық және туыстық қатынастағы адамдармен шектелмейтінін соттар ескеруі тиіс. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар мүдделі болып танылады, себебі олар АПК-нің 8-бабының екінші бөлігіне сәйкес заңда көзделген жағдайларда басқа тұлғалардың немесе тұлғалардың белгісіз бір тобының бұзылған немесе даулы құқықтары мен бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау туралы арыз беріп, сотқа жүгінуге құқылы және олар үшін адамды хабарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау жеке және мүліктік құқықтардың туындауына, оларды тоқтатуға немесе өзгертуге әкеп соғады. 2. Азаматты хабарсыз кетті деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы арыз АПК-нің 148-бабының талаптарын нысаны мен мазмұны бойынша сақтаумен қатар АПК-нің 318-бабының нормаларына сәйкес келуі тиіс екендігін соттардың ескергендері жөн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|