ҚР Ішкі істер министрінің 2018.16.10. № 721 бұйрығымен 54-қосымшамен толықтырылды; ҚР Ішкі істер министрінің 2019.24.09. № 823 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 54-қосымша
Осы редакция 2023 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Түркістан облысының Полиция департаменті туралы ЕРЕЖЕ (2022.25.07. берілген өзгерістермен)
1. Түркістан облысының Полиция департаменті (бұдан әрі - Департамент) облыс аумағындағы полиция органдары мен бөліністеріне басшылық етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) аумақтық бөлінісі болып табылады. 2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. 4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Департамент егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. ҚР Ішкі істер министрінің 2021.26.01.№ 35 бұйрығымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Департамент құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|