«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде: орталық аппараттың функцияларында: 92) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «92) әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалардың тізімін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру, оңалтуды және банкроттық басқарушыларды тағайындау және шеттету тәртібін бекіту;»; мынадай мазмұндағы 92-1) тармақшамен толықтырылсын: «92-1) әкімшінің біліктілігін арттыру тәртібін айқындау;»; 99) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «99) әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру тәртібін айқындау;»; мынадай мазмұндағы 99-1) тармақшамен толықтырылсын: «99-1) коэффициенттерді есептеу тәртібін айқындау және қаржылық орнықтылық сыныптарының шекараларын айқындау;»; 100) тармақша алып тасталсын; 101) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «101) уақытша әкімшінің, уақытша басқарушының және оңалтуды басқарушының борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы, сондай-ақ банкроттықты басқарушының оңалту жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуын ескере отырып, борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысының үлгілік нысандарын бекіту;»; мынадай мазмұндағы 101-1) тармақшамен толықтырылсын: «101-1) оңалту жоспарының үлгілік нысанын бекіту;»; 103) және 104) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|