«Қазақстан Республикасының Құрметті (штаттан тыс) консулдарының функциялары мен өкілеттіктерін айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 23 мамырдағы № 08-1-1-1/201 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. «Қазақстан Республикасының Құрметті (штаттан тыс) консулдарының функциялары мен өкілеттіктерін айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 23 мамырдағы № 08-1-1-1/201 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 8508 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізуді БҰЙЫРАМЫН: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 25 сәуірдегi № 240 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 95-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 129) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Құрметті (штаттан тыс) консулдарының функциялары мен өкілеттіктерін айқындау жөніндегі нұсқаулықта: 1 - тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 2 - тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Құрметті консулдың функциялары мен өкілеттіктері»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Құрметті консул өзінің өткен жылғы консулдық қызметі жайлы жылдық есебін әр жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне, ол болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне ұсынады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|