Осы редакция 2016 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 cәуірдегі № 233 бұйрығына 2-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1.«Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министірлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсынуды: 1) Министрліктің кеңсесі; 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) Орталықта: жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын (акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|