Шетелдiң заңгерлiк фирмаларын тарту практикасын реттеу және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен бюджеттік ұйымдарына консультациялық қызметтер көрсету жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 тамыздағы № 982 Қаулысы
Осы редакция 2017 жылғы 8 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен бюджеттік ұйымдарына құқықтық консультациялық көмек көрсету мәселелерi бойынша шетелдiң заңгерлiк фирмаларымен шарттар /контрактiлер/ жасасу практикасын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі, министрлiктерi, мемлекеттік комитеттерi, ведомстволары және Үкiметтiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдары құқықтық консультациялық көмек көрсетуге, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң соттарында немесе өзге органдарында мүдделердi бiлдiруге шетелдiң заңгерлiк фирмаларымен жасасатын барлық шарттар /контрактiлер/ Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне алдын ала сараптауға ұсынылуы тиiс деп белгiленсiн. 2. Жоғарыда аталған шарттарды /контрактiлердi/ жасасу туралы келiссөздердi жүргiзу жөніндегі делегациялардың құрамына Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң өкiлдерi кiруi тиiс деп айқындалсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
|